Nokia E6 00 - Төтенше қоңырау шалу

background image

Төтенше қоңырау шалу
1

Телефонның қосылып тұрғанын тексеріңіз.

2

Сигнал күшінің жеткілікті екенін тексеріңіз. Төмендегі әрекеттерді де орындау қажет болуы мүмкін.

SIM картасын салыңыз.

Телефонда қосылып тұрған қоңырауға тыйым салу, белгілі нөмірге қоңырау шалу немесе жабық абоненттер

тобы сияқты қоңырау шектеулерін ажыратыңыз.

Желіден тыс немесе ұшу профилі ажыратулы болуын тексеріңіз.

Телефон экраны мен пернелері құлыптанған болса, құлпын ашыңыз.

3

Аяқтау пернесін бастапқы экран көрсетілгенше қайталап баса беріңіз.

4

Қазір тұрған жеріңіздегі ресми төтенше қызмет нөмірін теріңіз. Төтенше телефон нөмірлері орналасқан жерге

қарай әртүрлі болады.

5

Қоңырау түймесін басыңыз.

6

Керекті ақпаратты барынша дәл беріңіз. Рұқсат берілмейінше байланысты аяқтамаңыз.

Телефонды бірінші рет қосқанда, Nokia есептік жазбасын жасау сұралады. Есептік жазбаны орнату барысында төтенше

қоңырау шалу үшін, қоңырау шалу пернесін басыңыз.

Маңызды: Телефон Интернет қоңырауларын қолдаса, Интернет қоңырауларын да, ұялы байланыс қоңырауларын

да іске қосыңыз. Телефон ұялы желі арқылы да, Интернет қоңырауы қызметінің провайдері арқылы да төтенше

қоңырау шалуға әрекеттенуі мүмкін. Байланыстың барлық жағдайда орнатылатынына кепілдік беру мүмкін емес.

Медициналық жедел жәрдемді шақыру сияқты маңызды қоңырау шалу керек болғанда, тек сымсыз телефонға сенім

артуға болмайды.