Негізгі экранға виджет қосу
Бүгінгі ауа райы болжамы мен жаңалықтар легі керек пе? Шағын қолданбаларды
(виджеттер) басты экранға қосып, ең керекті ақпаратты жылдам көруге болады.
Бастапқы экранның бос аймағын түртіп тұрыңыз да, қалқымалы мәзірден
Добавить виджет
опциясын таңдаңыз.
Виджет қатысты қолданбаны жақсартуы, сондай-ақ қолданбаның жұмысын да
өзгертуі мүмкін.
Кеңес: Nokia Дүкен қызметінен қосымша виджеттер жүктеп алуға болады.
Қызметті қолдану немесе мазмұнды жүктеп алу үлкен мөлшерде деректердің
тасымалдануына апаруы мүмкін. Бұның нәтижесінде дерек трафигі үшін ақы
алынуы мүмкін.
Телефонды қалау бойынша реттеу 35
Кейбір негізгі экран виджеттері интернетке автоматты түрде қосылуы мүмкін.
Бұны болдырмау үшін, мобильді деректер байланысын ажыратыңыз.
Хабарландыру аймағынан төмен қарай жүргізіп өтіңіз де, белгішесін басыңыз.
Негізгі экраннан виджетті жою
Виджетті таңдап тұрып, белгішесін басыңыз.