
SIM картасы мен батареяны салу
Маңызды: Бұл құрылғы стандартты SIM картасымен (суретті қараңыз) ғана
пайдалануға арналған. Сәйкес келмейтін SIM карталары құрылғы мен картаны
зақымдауы, сондай-ақ картадағы деректерді бүлдіруі мүмкін. mini-UICC ойығы
бар SIM картасын пайдалану туралы кеңесті мобильді байланыс
операторыңыздан алыңыз.
1 Телефонды өшіріңіз.
2 Артқы қақпақтың босату тілін телефонның төмен жағына қарай тартып,
қақпақты шешіңіз.
10
Пайдалануды бастау

3 Батарея енгізілген боса, оны шешіп алыңыз.
4 SIM карта ұстағышын тырнақпен абайлап шығарып алыңыз. Ұстағыш
алынбайды.
5 Картаның түйіспе аймағы төмен қаратылғанын тексеріңіз және SIM картасын
салыңыз. Ұстағышты орнына түскенше абайлап басыңыз.
6 Батареяның түйіспелерін туралап, батареяны салыңыз.
Пайдалануды бастау
11

7 Жоғарғы бекіту тілдерін тиісті ойықтарына қаратып, орнына түскенше төмен
басыңыз.
SIM картасын алыңыз
1 Телефонды өшіріңіз.
2 Артқы қабын шешіп алыңыз.
3 Батарея енгізілген боса, оны шешіп алыңыз.
4 SIM карта ұстағышын тырнақпен абайлап шығарып алыңыз. Ұстағыш
алынбайды. SIM картасын шығарып алыңыз.