Бір рет басылатын пернелермен жылдам өту
Бір рет басылатын пернелермен қолданбалар мен тапсырмаларды жылдам ашуға
болады. Әр перне қолданба мен тапсырмаға тағайындалған.
Бір рет басылатын пернелерді өзгерту
>
Параметры
және
Телефон
>
Быстрый доступ
тармағын таңдаңыз.
Провайдеріңіз пернелерге қолданбаларды тағайындап қойған болуы мүмкін, бұл
жағдайда оларды өзгерту мүмкін емес.
1 Басты экран пернесі. Басты мәзірді ашу үшін, бастапқы экран пернесін
басыңыз. Бастапқы экранға қайту үшін, бастапқы экран пернесін қайтадан
басыңыз. Ашық қолданбаларды ауыстырып қосу үшін, бастапқы экран
пернесін басып тұрыңыз.
2 Пошта пернесі. Әдепкі пошта жәшігін ашу үшін, пошта пернесін басыңыз. Хат
жаза бастау үшін, пошта пернесін басып тұрыңыз.
3 Күнтізбе пернесі. Телефондағы күнтізбені көру үшін, күнтізбе пернесін
басыңыз. Жаңа кездесу жазбасын жасау үшін, күнтізбе пернесін басып
тұрыңыз.
4 Контактілер пернесі. Контактілер тізімін ашу үшін, контактілер пернесін
басыңыз. Жаңа контакт жасау үшін, контактілер пернесін басып тұрыңыз.