Телефонды алғаш пайдалану
Телефонды пайдалануға дайындаңыз – контактілерді, хабарларды және басқа
заттарды ескі телефоныңыздан көшіріңіз. Телефоныңызды бірінші рет қосқанда
ол сізге нұсқау береді. Телефонды барынша пайдалану жолы бойынша пайдалы
кеңестер мен әдістер алу үшін, My Nokia қызметіне жазылуыңызға болады.
Әрекетті бастау үшін, белгішесін басыңыз. Әрекетті елемей өту үшін,
белгішесін басыңыз.
Nokia қызметтерін пайдалану үшін, Nokia есептік жазбасын жасаңыз. Интернет
байланысы керек болады. Мүмкін болатын ақылар туралы ақпарат алу үшін, желі
қызметінің провайдеріне хабарласыңыз. Интернетке қосылу мүмкін болмаса,
есептік жазбаны кейін жасауға болады.
18
Пайдалануды бастау
Егер Nokia есептік жазбаңыз бұрыннан бар болса, пайдаланушы аты мен кілтсөзді
енгізіп, белгішесін басыңыз.
Кеңес: Кілтсөзді ұмыттыңыз ба? Хат немесе мәтінді хабар ішінде жіберілетін етіп
сұрауға болады.
Келесі нәрселерді көшіру үшін Замена телефона қолданбасын пайдаланыңыз:
•
Контактілер
•
Хабарлар
•
Суреттер
•
Бейнелер
Пошта есептік жазбасының параметрлерін орнатқанда, поштаны оңай тексеру
үшін кіріс папкасын бастапқы экранда көрсетілетін етіп реттеуге болады.
Телефонды орнату кезінде жедел қоңырау шалу қажет болса, қоңырау пернесін
басыңыз.