Сенсорлы экранның әрекеттері
Пайдаланушы интерфейсімен өзара әрекеттесу үшін, сенсорлы экранды түртіңіз
немесе түртіп, басып тұрыңыз.
Маңызды: Сенсорлы экран бетінің сызылуына жол бермеңіз. Сенсорлы
экранға ешқашан қалам, қарындаш немесе басқа да үшкір заттар қолданбаңыз.
Қолданбаны немесе басқа экран элементін ашу
Қолданбаны немесе элементті түртіңіз.
Функцияларға жылдам қатынау
Элементті түртіп, басып тұрыңыз. Істейтін опциялары бар қалқымалы мәзір
ашылады.
Мысал: Сурет жіберу немесе дабылды жою үшін, суретті немесе дабылды түртіп,
ұстап тұрыңыз, сосын қалқымалы мәзірден керекті опцияны таңдаңыз.
Элементті сүйреу
Элементті түртіп тұрып, саусақты экран бетімен сырғытыңыз.
22
Негізгі қолданыс
Мысал: Бастапқы экрандағы элементтерді сүйреуге болады.
Жүргізу
Саусақты экранға қойып, керекті бағытқа қарай бір қалыпты жылжытыңыз.
Мысал: Басқа негізгі экранға ауысу үшін сол немесе оң жаққа қарай жылжыңыз.
Тізім немесе мәзірді айналдыру үшін, саусағыңызды экранда жылдам жоғары не
төмен сырғытып, көтеріңіз. Жылжуды тоқтату үшін, экранды түртіңіз.
Жақындату және кішірейту
Екі саусақты карта, сурет немесе веб-бет сияқты элементке қойып,
саусақтарыңызды қосыңыз немесе керісінше ажыратыңыз.
Кеңес: Сондай-ақ, элементті екі рет түртуге болады.
Негізгі қолданыс
23