Телефонды қайта өңдеуге дайындау
Жаңа телефон сатып алған жағдайда немесе басқа себеппен телефонды тастау
керек болса, Nokia компаниясы телефонды қайта өңдеуді ұсынады. Телефондағы
барлық жеке ақпаратты және мазмұнды алдын ала өшіріңіз.
Барлық мазмұнды жою
1 Сақталатын мазмұнның сақтық көшірмесін үйлесімді жад картасына немесе
компьютерге жасаңыз.
2 Барлық белсенді байланыстар мен қоңырауларды үзіңіз.
3
>
Параметры
және
Телефон
>
Управлен. телефоном
>
Исходные
параметры
>
Удал. дан. и восстановить
опцияларын таңдаңыз.
4 Егер сұралса, қауіпсіздік кодын енгізіңіз.
5 Телефон өшіріліп, қайтадан қосылады. Контактілер, суреттер. музыка,
бейнелер, жазбалар, хабарлар, пошталар, презентациялар, ойындар сияқты
жеке мазмұнның және басқа орнатылған қолданбалардың өшірілгенін
тексеріңіз.
SIM немесе жад картасында сақталған мазмұн мен ақпарат өшірілмейді.
Жад және SIM картасын телефоннан міндетті түрде шығарыңыз.